Карантин: Атырауда бірнеше нысанның жұмысы тоқтатылады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында «Ashyq» жобасына қатысатынына қарамастан бірнеше нысанның жұмысы тоқтатылатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Мәдениет Танауовтың жаңа қаулысында айтылған.

«Көпшілік іс-шараларды (мерекелік, көпшілік мәдени іс-шараларды, көрмелерді, корпоративтерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде және жаппай адамдар жиналатын өзге де іс-шараларды өткізу, ойын-сауық объектілерінің, банкет залдарының, жабық үй-жайдағы, соның ішінде қоғамдық тамақтану объектілеріндегі балалар ойын-сауық орталықтары мен аттракциондардың, ойын алаңдарының (ауладағыларды қоспағанда), кальян, букмекерлік кеңселердің, ойын клубтарының, түнгі клубтардың, мерекелерді ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетудің қызметі тоқтатылсын» -делінген құжатта.

Сондай-ақ, көрермендері бар спорттық іс-шараларды өткізу, ашық ауадағы аттракциондардың барлық түрлерінің жұмысына (демалыс саябақтарында, алаңдарда), бассейндері бар аквапарктердің жұмысы, алаңдардағы, саябақтардағы, скверлердегі, жағалаудағы балалардың, ересектердің жылжымалы ойын құралдарының ұсақ бөлшек саудасы, жалға беру, қаларалық, облысаралық, қалалық жүйелі және жүйелі емес автобус және шағын автобус тасымалдары, жиналыстар, кеңестер, семинарлар, конференцияларды оффлайн режимде өткізу тоқтайтын болды.

Облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы 2021 жылғы 17 шілдеде сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда карантиндік шектеулер күшейтілетінін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар