+7 (701) 759 90 19
USD 425.59 EUR 505.43
RUB 5.61 CNY 64.83
Jańalyqtar

Карантин: Алматыда жұмыс режимі бұзылған 49 нысан анықталды

2020 жылғы 19 қазан 17:03
Бөлісіңіз:
Карантин: Алматыда жұмыс режимі бұзылған 49 нысан анықталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда құрамына аудандық әкімдіктердің, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, «Атамекен» ҰКП өкілдері және Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау аудандық басқармаларының мамандары кіретін 26 мониторингтік топ 49 нысанда карантин талаптары бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

17-18 қазан аралығында 206 мониторингтік іс-шара өтті.

Тексеру барысында жұмыс режимі бұзылған 49 нысан анықталды. Анықталған бұзушылықтар бойынша мамандармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 44 жеке тұлға карантин шараларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осылайша, Алмалы ауданының мониторингтік тобы «Нұр-Эль» мейрамханасында 80 адамға жайылған дастарханның үстінен түсті.

Жиынға келген қонақтарға Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулы нормалары жеткізілді, содан кейін қонақтар мекемеден кетті. Сондай-ақ, қызметіне уақытша тыйым салынған компьютерлік клуб, лото клубы, «Место встречи» бильярд орны жұмыс істеп тұрғаны анықталды.

Мониторингтік топ Әуезов ауданында «Диадема» мейрамханасында 100 адамға арналған той, «Амал» дәмханасында 40 адамға арналған жиын, «Керемет»мейрамханасында 60 адамға арналған тойды тоқтатты.

Келушілерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425-бабы бойынша хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар, уақытша тыйым салынған мекеме - «Ухо и медведь» караоке орталығы жұмыс істеп тұрғаны белгілі болды.

Алатау ауданында ТЖО, «Clesar Algabas» моншасы, «Бағдат» дүкені, «Хан» дәмханасында тәртіп бұзушылықтар болған.

Бостандық ауданында «Ритц Карлтон»қонақ үйінің жанындағы мейрамханада салтанатты іс-шара 45 адамға арналған той анықталды.

Түрксіб ауданындағы мониторингтік топ қызметіне уақытша тыйым салынған нысан «Атлантис» бильярд клубын анықтады.

Алматы әкімдігі қала тұрғындарына өзінің және өзгелердің денсаулықтарына қауіп төндірмеуге-жаппай орындарға бармауға және барлық санитарлық-эпидемиялық талаптарды, маска режимі, әлеуметтік қашықтық қатаң сақтауға шақырады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT