КАРАНТИН: Алматыда жолаушылар ағымы 64%-ға төмендеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда коронавирус таралуына байланысты соңғы аптада жолаушылар ағымы 64%-ға төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық мобильділік басқармасының шешімімен карантин режимі кезінде Алматы қаласындағы қоғамдық көлік, атап айтқанда автобус маршруттары мен метрополитен штаттық режимде жұмыс істейді.

«Алайда алматылықтарды еркін тасымалдау үшін автобустар жоспарлы түрде 95% жолға шығып жүр. Қалааралық және қала маңы маршруттары карантин кезіне жұмыстарын уақытша тоқтатты. Соңғы апта ішінде жолаушылар ағымы 64%-ға төмендеген», - деді басқармадан.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Алматы облысы бағыттарындағы 49 қалааралық маршрут, сондай-ақ қала маңынан қатынайтын 63 тұрақты қала және қала маңы маршруты, жалпы 759 автобус уақытша тоқтатылды. Қазіргі режимге сәйкес қала сыртымен өтетін 6 тұрақты қала маршрутының сызбаларына өзгеріс енгізілді (14, 16, 52, 115, 124,125, 208)

Автобустарды дезинфекциялау үшін санитарлық өңдеумен айналысатын екі компаниямен келісім жасалды. Олар барлық автопарктердегі автобустарды түнгі уақытта дезинфекциялаумен айналысады. Күндіз соңғы аялдамаларда жылжымалы санитарлық өңдеу бекеттері жұмыс істеп жатыр.

Метрополитен жұмысы бойынша, қазіргі кезде жолаушылар ағымы 70%-ға төмендеді. Алайда метро жұмысы штаттық режимде жалғасуда. Деполарда вагондар толық дезинфекцияланады.


Соңғы жаңалықтар