Карантин: Алматыда жасыл дәліз қалай жұмыс істейді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев онлайн брифинг барысында қаланы азық түлікпен қамтитын Жасыл дәліз қалай жұмыс істейтінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір біз кәсіпкерлермен өзара байланыс жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Кәсіпкерлердің қоған сұрақтары көп. Өндірушілер, логистикалық компаниялар, ірі сауда орталықтары тауарларын қалаға кіргізіп, қаладан облысқа қалай шығарамыз деп жатыр. Қаланың шекарасында болсын, ішінде болсын оларға қозғалуына рұқсат беріледі. Әлбетте СЭҚ талаптарын сақтаған жағдайда олар үшін жасыл дәліз ашылады. Қазір «Алтын орда» орталығымен логистикалық мәселелер шешіліп жатыр. Егер олардың қозғалысына қандайда бір шектеу, қысым болса, біз арнайы штаб телефондарын береміз. Сол арқылы кәсіпкерлер шағымын жеткізе алады», - деді қала әкімінің орынбасары.


Фото: titus.kz

Соңғы жаңалықтар