Карантин: Алматыда үйлену тойына жиналғандар таратылды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Мониторинг топтары мегаполистегі мейрамхана, дүкен, сән салондары мен компьютер клубтарында түнгі тексеру жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

25 тамызда қаланың Наурызбай ауданындағы «Самир» мейрамханасында тексерушілер көп қонақ шақырылған үйлену тойын тоқтатты. Бұл факт бойынша материал жиналды, тойды ұйымдастырушылар әкімшілік жауапқа тартылады.

Тамыздың 24-нен 25-іне қараған түні мониторинг тобының өкілдері қалада карантин талаптарын бұзған 17 фактіні анықтады.

1 қаңтардан 25 тамызға дейінгі аралықта 36 228 мекеме тексерілді. 3 390 нысанда карантин талабын сақтамау анықталды. 5 457 хаттама толтырылды. Оның ішінде заңды тұлғаларға шамамен 199 млн теңгеге айыппұл салынды. Жеке тұлғаларға қатысты маска режимін бұзғаны үшін шамамен 215 млн теңгеге 4 892 хаттама жасалды.

Карантин ережелерін жүйелі түрде бұзғаны үшін мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттарға 75 іс жіберілді, 65 іс бойынша қызметті тоқтату туралы шешім қабылданды.

Қазіргі уақытта Алматы қаласының соттары тұрақты тәртіп бұзушыларға қатысты 8 істі қарап жатыр.


Соңғы жаңалықтар