Карантин: Алматыда ұрлық азайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полициясы карантин кезіндегі қаладағы ахуал туралы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаладағы қылмыстық ахуал тұрақты және қылмыстың төмендеу үрдісі байқалады. Бір тәулік ішінде қалада 57 қылмыс тіркеліп, оның 32-і ізі суымай ашылды. Бұл 16 наурыздағы ахуалмен салыстырғанда 39,4%-ға аз. Соның ішінде біреудің мүлкін ұрлау - 47,7%-ға, көшеде және қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың саны 38,9 пайызға азайды» деді полиция департаментінен.

Айта кету керек, карантин кезінде Алматы қоғамдық көліктерінде жолаушылар ағыны 64 пайызға азайғанын хабарлаған болатынбыз.

Сонымен қатар, ТЖ режімін бұзған кәсіпкерлер әкімшілік жазаға тартылды.



Соңғы жаңалықтар