+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Карантин: Алматыда тойдан 40 адам шығарылды

2021 жылғы 15 қыркүйек 21:29
Бөлісіңіз:
Карантин: Алматыда тойдан 40 адам шығарылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мониторинг тобы қырық адам жиналған тойды тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматының шеткі аудандары қалай дамып жатыр Алматыда жолайрық құрылысына байланысты көшелердің бірі жабылады ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Алматы қаласы Жетісу ауданының мониторинг тобы өкілдері 11 қыркүйекте «Данияр» мейрамханасында заң бұзушылықты анықтады. Банкентте 40-қа жуық адам болған. Аталған факті бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне тапсыру үшін әкімшілік материал жиналды.

Алматыда 9-12 қыркүйек аралығында заңды тұлғалардың 34 карантиндік шараларды бұзғаны анықталды.

Қазір қалада 40 мониторинг тобы күшейтілген режимде жұмыс жасап жатыр.

Жыл басынан бері 39 051 нысан тексерілді, карантиндік шараларды бұзған 3 708 мекеме анықталды. 5 847 хаттама жасалды, оның ішінде заңды тұлғаларға 220 165 910 теңге сомасында 628 хаттама, жеке тұлғаларға қатысты маска режимін бұзғаны үшін 229 655 410 теңге сомасында 5 219 хаттама толтырылды.

Карантинді жиі бұзушыларға қатысты 76 іс сотқа берілді, оның ішінде 67 материал бойынша қызметті тоқтату туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар, бұл күндері мониторинг топтары 108 автобус пен троллейбуста маска режимінің сақталуын тексерді.

Айта кетейік, жұқтырудың төмендеуіне қарамастан, Алматыда халық жаппай жиналатын барлық іс-шараларға тыйым салынған. Қала тұрғындары мен қонақтары банкеттерге, үйлену тойларына бармағандары жөн, өйткені бұл жерде коронавирус инфекциясының симптомсыз тасымалдаушылары болуы мүмкін.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT