КАРАНТИН: Алматыда таксилер қалай жұмыс істеп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда карантин жағдайында такси қызметі қалай жұмыс істейтінін қалалық Мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телебаев онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Такси бойынша айтар болсақ, біздің реестрде таксопарктер ресми түрде тіркелмеген. Енді 6 таксопарк реестрге тіркелуге ынта білдірді. Қазір бұл парктер бойынша жүргізушілердің денсаулығы тексеріліп жатыр. Барлық көліктің салоны мен кузовы жуылып жатыр», - деді ол.

Басқарма басшысының айтуынша, төтенше жағдай кезінде қаладағы барлық тротуар типіндегі тұрақтар тегін жұмыс істеп тұр.

Басқарма басшысы төтенше жағдай кезінде кейбір автобус маршруттары өзгергенін айтты.

«Қала сыртынан жолаушы таситын маршруттар жұмыс істеп тұрған жоқ. Біздің маршруттар блок бекеттерге дейін барып, ары қарай адамдар өздері қатынап жатыр», - деді ол Қалқаман шағын ауданы тұрғындарының сауалына жауап бере отырып.


Соңғы жаңалықтар