+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Карантин: Алматыда мониторинг топтар жаңа бағытта жұмыс істемек

2021 жылғы 21 шілде 14:52
Бөлісіңіз:
Карантин: Алматыда мониторинг топтар жаңа бағытта жұмыс істемек

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мегаполисте қала тұрғындарының денсаулығын сақтау мақсатында адамдардың көп жиналуын және қайта жұқтыруды болдырмау үшін шектеу шаралары күшейтілді. Мониторинг топтар өз кезегінде шектеулердің сақталуын бақылайтын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жұқтырудың алдын алу тетігін жетілдіру аясында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі Қалалық штаб қалалық прокуратурамен және «Атамекеннің» өңірлік палатасымен бірге мониторинг топтарының жұмысын цифрлық форматқа көшіру туралы шешім қабылдады.

Алматыда мониторинг топтарының жұмысын цифрландыру жұмыс қорытындысы туралы мәліметтерді өңдеу мен тіркеу сапасын жақсартады. Мәселен, Алматы қаласы бойынша мониторинг топтарын бақылау модулі мониторинг топтарының жұмысын нақты уақыт режимінде бақылауға және өзекті талдауларды енгізуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, тексерушілердің қай нысандарға жиі баратыны, рейдтік бағыттар режимінің сақталуы және т.б. туралы ақпарат қолжетімді болады. Сонымен қатар, мегаполис прокуратурасында атап өткендей, мониторинг топтарының жұмысы тек осы модульді қолданған кезде ғана заңды болады.

Енді мониторинг топтарының кәсіпкерлерге келуі дереу жазылатын болады, базаның өзі электронды жазбаларды жүргізеді. Платформа мониторинг нысанының мекенжайын жайын автоматты түрде анықтайды. Кәсіпкердің қатысуымен барлық идентификацияланған тәртіп бұзушылығы, қабылданған шаралар көрсетілімі жазылған шаблон толтырылады.

Мониторингтік топтардың заңсыз әрекеттері мен шешімдерінің барлық фактілері бойынша кәсіпкерлер прокуратураға 8-701-775-55-00 нөмірі арқылы хабарласа алады.

Алматыда 40 мониторинг топтары қарқынды жұмыс жасауда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT