Карантин: Алматыда массаж салонына барған төрт ер адам ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда карантин кезінде массажға барған төрт адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз департаментінің хабарлауынша, тексеріс кезінде массаж салонында 7 бойжеткенің қызмет көрсетіп жатқаны анықталды.

«Салонның бірі қаланың Медеу ауданында орналасқан. Екіншісі – Бостандықта. Тексеру кезінде ол жерде жеті бойжеткеннің қызмет көрсеткені белгілі болды. Ішінде салон әкімшілері де бар. Әкімшілік іс жүргізу үшін 11 адам аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Олардың әрекеті ҚР ӘҚбК-нің 476-бабы – төтенше жағдай режимін бұзу болып танылды», – деді Алматы қалалық ПД бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Оның айтуынша, әлі күнге дейін көп адам вирустан қандай қауіп төніп тұрғанын біле бермейді.

«Мұндай фактілер, өкінішке қарай, бір-екеу емес. Олардың қызметі міндетті түрде тоқтатылады, кінәлілер жазаланады. Бұл бағытта арнайы мобильді топтар жұмыс істеп жатыр», – дейді Н. Алмасбеков.

Соңғы жаңалықтар