Карантин: Алматыда коммуналдық қызметтер үздіксіз жұмыс істейді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімдігі карантин кезінде коммуналдық қызметтер үздіксіз жұмыс істейтіндігін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев коммуналдық қызметтердің карантин аясындағы жұмыс режиміне қаншалықты дайын екендігін айтты.

«Қызметкерлер арасында инструктаж жүргізілді. Барлық аудандарда тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырылды. Қаланы төтенше жағдай аясында жарық, су, жылумен үздіксіз қамтуға кәсіпорын басшыларынан жауапты тұлғалар бекітілді. Жұмыс орындары санитарлық өңдеуден өтіп жатыр. Жұмыскерлер барлық сақтық құралдарымен қамтылған», - деді ол.

«Алматы жылу желілері» ЖШС-дан 12 апаттық бригада, 40 техника, 126 жұмыскер жұмылдырылған.

«Алатау Жарык Компаниясы» АҚ төтенше оқиғалар орын алар болса, қалада үздіксіз жарық беруді қамтамасыз ететін 17 төтенше бригада, 17 арнайы техника, 68 жұмыскер және 3 дизель-генератор ұйымдастырылған.

«Алматы Су» МКК бойынша төтенше оқиғалар орын алар болса, қалада су құбырлары және сушығару жұмыстары үздіксіз атқарылуы үшін 58 төтенше бригада, 328 арнайы техника, 1038 жұмыскер және 10 су таситын машина әзірлеп қойған.

Сондай-ақ «КазТрансГаз-Аймак» АҚ-ның 6 арнайы техникасы және 34 жұмысшысы дайын тұр.

«Алматы қала жарық» МҚК-ның 8 төтенше бригадасы, 20 арнайы техникасы және 80 жұмыскері ұйымдастырылған.

«Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС-ның 30 арнайы техникасы мен 180 жұмысшысы әзір.

«Алматы электрстансасы» АҚ ЖЭО-1, 2, ЗТК және Каскад ГЭС төтенше жағдайлар кезінде үздіксіз жұмыс істеп тұруы үшін 5 төтенше бригада, 20 бірлік арнайы техника, 76 жұмыскер күші дайындалған.


Соңғы жаңалықтар