+7 (701) 759 90 19
USD 420.76 EUR 498.6
RUB 5.6 CNY 62.27
Jańalyqtar

Карантин: Алматыда кардиологиялық орталық қызметі қалай жұмыс істеуде

2020 жылғы 12 тамыз 19:53
Бөлісіңіз:
Карантин: Алматыда кардиологиялық орталық қызметі қалай жұмыс істеуде

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Карантин кезінде көптеген сала қалыпты жұмыс сарынынан жаңылғаны рас. Оның ішінде медицина саласы бар. Атап айтқанда, кезек күттірмейтін, шұғыл медициналық көмеккке мұқтаж азаматтар үшін пандемия аясында көмек алу үлкен қиындық туғызды.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда коронавируспен ауырғандар қай жерде оңалтудан тегін өте алады Коронавируспен ауырмау үшін қандай ережелерді қатаң сақтау керек Коронавирус: Шетелдіктердің Қазақстанда тұру мерзімі ұзартылды

Қаланың барлық науқастарына кардиологиялық көмек көрсететін Алматы қалалық кардиологиялық орталығына қазір ағылып жатқан адам көп.

Біреулер жүрегін көрсетуге келсе, екіншілері жоспарланған емін жалғастыруға келіп жатыр. Себебі оған дейін бұл науқастар карантин кесірінен ауруханаға келе алмады.

«Карантин кезінде көп адам келуге қорықты. Ауырып тұрса да, жағдайы қиын болса да. Үйден емделуге тырысты. Сондықтан болар, бізде карантин 4 айында қаралған адам саны әдеттегіден аз болды», - деді орталық директоры Алмат Қодасбаев.

Карантин кезінде орталықта әдеттегі 6 бөлімшенің 2-ғана істеп тұрған.

Қалған 2 бөлімше провизорлық орталық сияқты жасақталып, коронавирус инфекциясы болуы ықтимал деген науқастарды, қызуы жоғары адамдарды қарауға қайта жасақталған. Дәрігерлерге, медициналық қызметкерлерге үнемі қорғаныс құралдарын киіп жүруге, қорғаныс киімімен ота жасауға тура келген.

Төтенше жағдай жариялана салысымен орталыққа шұғыл келген адамдардан ПТР талдау қабылдауға мүмкіндік болмаған кездер болған. Дәрігерлер тек белгілі бір уақыттан кейін вирус жұқтырған-жұқтырмағанына көз жеткізіп отырған. Оларға белгісіз нәрсемен бетпе бет келуге тура келді.

«Науқастарды ПТР талдауын тексеріп жатуға уақыт болмайды. Шұғыл түскен адамға шұғыл ота жасала береді. Кардиологиялық көмек көрсете отырып, коронавирусқа ПТР талдау жасай береміз. Нәтижесін 10-12 сағаттан кейін білген кездер болды.

4 ай карантин кезінде орталыққа емделуге келген 14 адамнан коронавирус шыққан. Оның ішінде 10 пациентке шұғыл түрде коронарография жасалды. 4 пациентке одан күрделірек ота жасалды. Ең егде пациент 80 жаста болды. 2 адам гипоксия жағдайында жүрек жұмысын жақсарту мақсатында экстракорпоралды мембраналық оксигенатор аппаратына қосылды. Ол кісілерде оттегі мөлшері өте төмен көрсетіп тұрды. Науқастар ұзақ уақыт арнайы аппаратқа қосылып жатты», - деді Алмат Қодасбаев.

Қазір ол науқастардың барлығы орталықтан шығып, арнайы профильдік инфекциялық ауруханаларға жіберілген.

Оның айтуынша, соңғы 4-5 күнде коронавирус инфекциясы расталған пациент түспеді.

Орталық мамандары инфекциялық госпитальдерге 370 рет консультацияға шыққан.

Әлбетте, жүрек қан тамырлары патологиясы бар адамдарға вирус жұққан жағдайда жағдайы ушығуы ықтимал.

«Жүрегі ауыратын адамдарда вирустық аурулар ауыр өтеді. Себебі, жүйелі түрде қабыну процесі, вирустың жүрек клеткаларына токсиндік ықпалы арта түседі. Бұрын ота жасатқан адамдар да сақ болуы керек. Жүрек ақауы бар адамдарға халықаралық ұсыныстар бар. Қабылдап жатқан дәрілерді тоқтатуға болмайды. КОВИД жағдайында инфекционистер көбірек су ішуге кеңес береді. Ал жүрек ақауы бар кейбір науқастарға су ішуге керісінше болмайды. Онсыз да жүректің жиырылу қабылеті төмен адамдарға артық су кері әсер етеді. Ондай кезде міндетті түрде кардиологпен кеңесу керек. Майлы тамақ жеу де жүрегі ауыратындарға ауыр келеді. Ал қан сұйылтатын антикоагулянттар керісінше оң ықпал береді. Оны еш кедергісіз жалғастыруға болады. Антибиотиктердің кейбірін жүрек емес, бауыр мен бүйрек жеткіліксіздігі кезінде қолдануға болмайды», - деді А.Қодасбаев.

Жағдайы өте нашар вирусқа қарсы терапияны жүрегі де, өкпесі де көтере алмайтын науқастар ЭКМО аппаратына қосылады. Бірнеше күн бойы ес-түссіз жатқан адамның жүрегі мен өкпесінің функциясын осы аппарат атқарады.

Осындай аппарат орталықта 1 ғана. Қала бойынша тағы 4 медициналық орталықта ЭКМО аппараты бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT