Карантин: Алматыда қандай шектеулер болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгінен бастап Алматыда карантин талаптары күшейді. Қаланың бас санитария дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова эпидемиологиялық жағдай күрделенуіне және «Омикрон» штамына байланысты жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжатта Алматының эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының «қызыл» аймағында орналасқандығы көрсетілген.

Осыған байланысты тұрғындар келесі талаптарды қатаң сақтауы керек:

1) Ashyq жобасына 30 адамға дейін қатысатын объектілерде еске алу рәсімін жүргізуді қоспағанда, ашық ауада да, үй ішінде де, отбасылық, еске алу іс-шараларын қоса алғанда, оның ішінде үйде өтетін бұқаралық іс-шараны өткізуге және оларға қатысуға тыйым салу;

2) қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көлікке және қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда және ашық ауада спортпен шұғылданған кезде) – бетперде тағу, әлеуметтік қашықты сақтау және антисептикті пайдалану;

3) ПТР сынаманың оң нәтижесін алған кезде («қызыл мәртебе») және COVID-19 науқаспен жақын байланыста болған кезде («сары мәртебе») (жақын байланыс) және COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттық растау болмаған кезде-14 күн ішінде өзін-өзі оқшаулау режимі.

Сонымен қатар, спорт-сауықтыру орталығына, фитнес орталыққа, йога орталықтарына, монша, сауна, бассейндерге кіруге 2022 жылғы 15 қаңтардан бастап Ashyq «жасыл» мәртебесі бар адамдарға ғана рұқсат етіледі. Сондай-ақ, Ashyq жобасына 30 адамға дейін қатысатын объектілерде еске алу шараларын өткізуді қоспағанда, ашық ауада да, үй ішінде де, отбасылық, еске алу іс-шараларын қоса алғанда, оның ішінде үйде де бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды.

Ashyq жобасына қатысуына қарамастан тыйым салу:

- концерт залдары, театр, цирк, филармониялардың қызметіне;

- діни бірлестіктер объектілерінде (мешіт, шіркеу, собор, синагога және т. б.) ұжымдық іс-шаралар (жұма намазы, діни жоралар және т. б.) өткізуге;

- конференция, семинар, көрме, форумдар өткізуге;

- түнгі клубтардың қызметіне;

- қоғамдық тамақтану объектілерінде бар тағандарға қызмет көрсетуге, ән айту және би қызметтерін ұсына отырып, караоке қызметіне (қоғамдық тамақтану бойынша қызметтерді қоспағанда);

- жеке кездесулер өткізуге (10 егілген адамға дейін).

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері қысқарту туралы қаулы қабылдады:

- қоғамдық тамақтану объектілерінде бір үстелге келушілер саны 4 адамға дейін (әртүрлі үй шаруашылықтарынан);

- қызыл аймақтағы кинотеатрлардың (Ashyq жобасына қатысушылардың) толымдылығы – 30%-дан аспайды.

Тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілерін қоспағанда, қызметкерлерді COVID-19-ға қарсы вакцинация және ревакцинация жүргізуге қарамастан, мемлекеттік органдар (ұйымдар), ұлттық компаниялар, кәсіпорындар персоналының кемінде 70%-ы қашықтан жұмыс нысанына ауыстырылсын.

Меншік нысанына қарамастан мектептерде оқыту қашықтан форматта болады. Барлық курстардың студенттері үшін жоғары оқу орындары мен колледждердің жұмысын аралас оқыту форматында ұйымдастыру: барлық дәрістер – онлайн, практика, зертхана, семинар сабақтар – ыңғайлы кесте бойынша штатты форматта. Вакцинацияның толық курсын аяқтаған вакцинацияланған студенттерді оқу орны әкімшілігінің қалауы бойынша штаттық режимде оқытуға жол беріледі.

Қосымша білім беру ұйымдарында жеке сабақ оқыту – тұрақты режимде, топтық сабақты – 10 адамға дейін, балалар мен ересектерге арналған түзету орталықтарында, жеке және топтық сабақтарда – тұрақты режимде – 10 адамға дейін.

Сондай-ақ мониторинг топтарының жұмысы күшейтіледі.

Қаулы 14 қаңтардан бастап күшіне енеді.


Соңғы жаңалықтар