Карантин: Алматыда 700-ге жуық полицей жатақханаларға орналастырылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Алматыда 700-ге жуық полиция қызметкері карантин кезеңінде жатақханаларына орналастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қаладағы карантиндік режимге байланысты, қауіпті вирустың таралуын болдырмау мақсатында қаладан тыс жерде тұратын ПД қызметкерлері уақытша жатақханаларға орналастырылды.
«Біздің қаламыз карантин режимінде болғандықтан, кез-келген тұрғын жұқпалы аурудың қоздырғышы бола алады. Төтенше жағдайда құқық қорғау жүйесінің жұмысы күшейіп, полиция қызметкерлерінің халықпен байланысы жұмыстың ажырамас бөлігі болып табылады. Полиция жұмысының ерекшелігіне байланысты, қаланың сыртында тұратын тәртіп сақшыларын уақытша тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды. Мемлекет есебінен біздің қызметкерлерімізге уақытша тұрғын үйдің барлық қажетті жағдайлары жасалды. Карантин кезінде Алматының барлық полиция қызметкерлері казармалық режимде қалада болады», – деді лматы қалалық ПД басшысының орынбасары Әбдуали Нашарбеков.
Өз кезегінде, тәртіп сақшылары тұратын жатақханаларда қажетті жағдайлар жасалған айтты.
«Үйде үш балам, әйелім және анам қалды. Әрине, біз сағынамыз. Бірақ бұл қызмет және біз барлығымыз туысқандар алдындағы жауапкершілікті және өзімізге жүктелген міндеттерді түсінеміз. Тұрғын үй жағдайлары туралы шағымдар жоқ, бізде бәрі бар. Қажет болса, казармада, шатырлық лагерлерде де тұрамыз, ең бастысы – біздің еліміз тыныш және азаматтарымызға ештеңе қауіп төндірмесе болды», – деді Метрополитендегі полиция басқармасының қызметкері Қуат Байшуақов.
- Коронавирус: Қазақстанның 4 облысы мен 1 қаласы «қызыл» аймақта тұр
- Ресейде коронавирусқа қарсы жаппай вакциналау басталады
- 24 875 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, 294 науқастың жағдайы ауыр
- Коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды
-
Өткен тәулікте 468 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
-
Қазақстанда өткен тәулікте 1003 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам