+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Карантин: Алматыда 60 адамға арналған той басталмай жатып тоқтатылды

2021 жылғы 17 сәуір 19:31
Бөлісіңіз:
Карантин: Алматыда 60 адамға арналған той басталмай жатып тоқтатылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 60 адамға арналған той басталмай жатып тоқтатылды. Бұл туралы Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімдігі жанындағы мониторинг тобы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда карантин талаптары жеңілдейді Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды Алматыда коронавирус жұқтырғанына қарамастан кинотеатрға барған қыз айыппұл төлейді

Түрксіб ауданының мониторинг тобы карантиндік шаралардың сақталуын тексеру кезінде Ақан Сері көшесінде орналасқан «Симфония» кафесінде банкетке дайындық фактісін анықтады. Сөйтіп, 60 адамға арналған тойды тоқтатты.

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары Наиль Лебаевтың айтуынша, шараны ұйымдастырушыға қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы хаттама жасалған. Шектеу іс-шараларын бұзу фактісі бойынша заңды тұлғаға тиісті материалдар ресімделді, мәліметтер сотқа өткізіледі. Нысанның өзіне 230 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Мониторинг тобының жедел жұмысының арқасында адамдардың жаппай жиналуы және жұқтыру қаупі жоғары шара өткізілмеді.

Алматы әкімдігі, қала тұрғындары мен қонақтарын, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерін эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін қалада енгізілген барлық шектеу шараларын орындауға шақырады.

Тәуекел тобындағы адамдарға, созылмалы аурулары бар қарт адамдарға - мүмкіндігінше үйде отыруға және әлеуметтік байланыстардан, атап айтқанда тойларға, жерлеу рәсімдеріне және т.б. шараларға қатысудан аулақ болуға кеңес берді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT