Карантин: Ақмола облысында 27 мониторингтік топ тексеру жүргізуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында санитарлық-карантиндік талаптардың сақталуын қадағалау бойынша мониторинг жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, өңірде карантиндік талаптардың сақталуын жергілікті атқарушы органдар, құқық қорғау органдары, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері, волонтер және қоғам белсенділерінен құралған 27 мониторингтік топ тексеруде.

Ақмола облысының бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусинаның айтуынша, өңірде көптеген нысандарда санитарлық талаптар сақталмайтыны байқалып отыр. Бұл адамдардың жаппай індет жұқтыруына себеп болуы мүмкін.

«Шілденің 9-ы мен қыркүйектің 23-і аралығында мониторингтік топ 579 айыппұл салды, оның 454 полиция департаментінің матриалдары бойынша. Қаралған 579 материал бойынша жалпы соммасы 39 миллионнан астам теңге айыппұл салынды», - деп атап өтті департамент басшысы.

Коронавирус жұқтырғандардың саны азайғанымен ведомство мамандары коронавирус инфекциясының таралуын алдын үшін сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар