Карантин: 75 мың онлайн шара өткізілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылы Пандемия жағдайы мәдениет саласына да өз әсерін тигізді. Десе де, төтенше жағдай мен шектеу шараларына қарамастан бірде-бір мемлекеттік ұйым өз қызметін тоқтатқан жоқ. Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл басынан бастап мемлекеттік мәдениет ұйымдары спектакль премьералары, көрмелер, концерттік іс-шаралар, конференциялар және сол сияқты 500-ге жуық маңызды іс-шаралар өткізді. 16 наурыздан бастап сала толығымен онлайн жұмыс форматына көшті», - деді вице-министр Мәдениет және спорт министрлігінің алқа мәжілісінде.

Мәселен, есепті кезеңнің толық емес 10 айында мәдениет ұйымдары 120 млн астам қаралымы бар 75 мың онлайн іс-шара өткізді. Бұл халықаралық, республикалық және өңірлік деңгейдегі жобалар. Іс жүзінде барлық деңгейдегі мәдениет ұйымдары қазақстандықтардың, шетелдік көрермендер үшін де өз жобаларын іске асырған. Ал «Карантиндегі Жұлдыз» бірегей жобасы қоғам мен ел басшылығы тарапынан ерекше атап өтілді.

«Музыканттар, әртістер мен спортшылардың қатысуымен #Biz birgemiz, #Birge enseremiz, #Biz uidemiz хэштегтері бойынша мотивациялық бейнероликтер жасалды. «Менің Қазақстаным», #COVIDHOMECONCERTS халықаралық музыкалық челленджі, «Сен қандай кітап оқисың?», «Біз үйдеміз, біз біргеміз» челлендждері ұйымдастырылды», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар