+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Карантин: 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында банктер қалай жұмыс істейді

2020 жылғы 29 наурыз 13:06
Бөлісіңіз:
Карантин: 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында банктер қалай жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 30 наурыздан 5 сәуірге дейін екінші деңгейлі банктер жұмысын тоқтатады. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Ұлттық банкке сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған мерзім аралығында Нұр-Сұлтан мен Алматыда орналасқан екінші деңгейлі банктердің кассалық-есептік бөлімдерінің жұмысы тоқтатылады.

Осы уақыт аралығында заңды және жеке тұлғалардан төлем қабылдау және ақша аудару интернет, мобильді банкинг арқылы қашықтықтан жүзеге асырылады.

Қолма-қол ақшаны алуға, қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға және жеке тұлғалардың банктік шоттарын толтыруға арналған банкоматтар мен терминалдардың жұмыс істеуін банктер әдеттегідей қамтамасыз етеді.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК банктердің, қазынашылық комитетінің және нарықтың басқа қатысушыларының төлемдерін өңдеудегі жұмысы штаттық режимде жүзеге асырылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT