+7 (701) 759 90 19
USD 405.77 EUR 457.91
RUB 5.77 CNY 57.42
Jańalyqtar

Карантин: 25 мамырдан бастап банктердің жұмыс уақыты өзгереді

2020 жылғы 18 мамыр 19:51
Бөлісіңіз:
Карантин: 25 мамырдан бастап банктердің жұмыс уақыты өзгереді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында банктер, ақша айырбастау пункттері, ломбардтардың жұмыс уақыты өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Республикалық маңызы бар екі қалада 18-24 мамыр аралығында бірқатар қаржы субъектілері таңғы 09:00-дан кешкі 18:00 дейін жұмыс істейтін болады.

ҚР Ұлттық банкі мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің біріккен бұйрығында субъектілер тізімі бекітілген:

- екінші деңгейлі банктер

- жеке банк операцияларын жүргізетін ұйымдар

- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары

- сақтандыру брокерлері

- құнды қағаздар нарығында брокерлікпен айналысатын ұйымдар

- микроқаржылық ұйымдар, несие серіктестіктері,

- төлем ұйымдары.

Бұйрыққа сәйкес аталған ұйымдар мен филиалдарында қызметкерлер саны 50 пайыздан аспауы керек.

KASE, Құнды қағаздар орталық депозитарий, ақша айырбастау ұйымдары таңғы 09:00 бен 17:00 аралығында жұмыс істейді.

Бұл шектеу шаралары 18-24 мамыр аралығында болады.

25 мамырдан бастап жұмыс уақыты, адам саны ұйым басшыларының шешімдеріне қарай ұйымдастырылатын болады.

Одан бөлек субъектілердің басшылары санитарлық нормалардың сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT