+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Қарамағындағыларды ұрып-соққан желілік полиция бөлімінің басшысы жұмыстан босатылды

2021 жылғы 20 қазан 21:01
Бөлісіңіз:
Қарамағындағыларды ұрып-соққан желілік полиция бөлімінің басшысы жұмыстан босатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада қалалық көліктегі полиция департаменті Нұрсұлтан Назарбаев әуежайындағы желілік полиция қызметкерлерінің оқиғасына жауап қатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Министр Тұрғымбаев әйелді суицидтен құтқарған полицейлерді медальмен марапаттады Атырауда 22 жастағы жігіт оқ жарақатымен ауруханаға түсті Жамбыл облысының трассасында жүк көліктері аударылды

Бұған дейін әлеуметтік желіде «елорда әуежайының желілік полиция бөлімінің бастығы әріптесін ұрып-соқты» деген видео тараған еді.

Көліктегі полиция департаменті қызметтік тексеру жүргізді.

«Көліктегі полиция департаментінің бұйрығымен Желілік полиция бөлімінің басшысы және оның Кадр саясаты жөніндегі орынбасары қызметінен босатылды.Сонымен қатар желілік полицияның басшылық қызметтегі қызметкерлеріне де қатысты тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданды», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті.

«Көліктегі полиция департаментінің басшылығы бұл жағдайды өрескел және қолайсыз деп санайтынын хабарлайды. Қызметтік-әскери тәртіпті бұзатын басшылар мен қызметкерлерден өз қатарын тазарту қағидатын ұстанады» - делінген хабарламада.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT