+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Қарамағында колледждері бар жоғары оқу орындарына қатысты қандай өзгерту енгізілді

2021 жылғы 14 қаңтар 15:28
Бөлісіңіз:
Қарамағында колледждері бар жоғары оқу орындарына қатысты қандай өзгерту енгізілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Заңнамаға енгізілген түзету жоғары оқу орындарының үздіксіз оқытуды қамтамасыз ету мүмкіндіктерін кеңейтеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО мектептерінде 60-қа жуық заңбұзушылық анықталды Қарағанды облысының мектептерінде асханалар ашылуда Нұр-Сұлтанда 0-4-сыныптарға сабақ қашықтан өткізіледі

«Енді қарамағында колледждері бар жоғары оқу орындары да техникалық және кәсіптік білім беру бағыты бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру рәсіміне қатыса алады» - деп жазды А. Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Осы орайда министр бұған дейін оларда мемлекеттік тапсырыс алу құқығы болмағанын еске салды.

«Біз бұл мәселені де шештік. Енгізілген түзету жоғары оқу орындарының үздіксіз оқытуды қамтамасыз ету мүмкіндіктерін кеңейтеді. Бұл түзетулердің барлығы заңнаманы жетілдіруге, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім сапасын арттыруға бағытталған», - деді ведомство басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, грантпен оқыған түлек өз дайындық бағыты бойынша жекеменшік ұйымдарда еш кедергісіз жұмыс істей алады.

Айта кетейік, 2021 жылдан бастап әрбір жоғары оқу орны білім алған азаматтарға жеке үлгісі бойынша диплом беретін болады. Яғни, енді әр жоғары оқу орнында берілетін дипломдардың барлығы біркелкі болмайды.

Бұдан былай мемлекеттік үлгідегі дипломдар берілмейді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT