Қаралы қаңтар: Алматы әкімдігі оқиға болған жерге ескерткіш орнатуға конкурс жариялады

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қаңтардың қайғылы оқиғаларына арналған ескерткіш орнатылады. Қала әкімдігі ескерткіш нысанының құрылыс тұжырымдамасына конкурс жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасы ашық конкурсқа өтінімдерді бүгіннен бастап 2022 жылдың 10 ақпанына дейін қабылдайды.

Байқауға жеке авторлар да, шығармашылық ұжымдар да қатыса алады.

Мемлекет басшысының Алматыға жақында жасаған сапары кезінде мемориалдық кешенде алматылық оқиғаларды мәңгі есте қалдыруды тапсырды.

Конкурстың шартына орай ескерткіш қоршаған ортаға үйлесімді болуы тиіс.

Оны жасағанда сапалы материалдарды пайдаланған жөн.

«Конкурс қорытындысы бойынша шешімді Алматы қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия қабылдайды.Ескерткіш Сәтбаев көшесінің оңтүстігі мен Назарбаев даңғылының батысына қарай қалалық әкімдік жанындағы скверде орнатылады деп болжануда.Қосымша ақпаратты Алматы қ., Абай даңғылы 90, (3-қабат) мекенжайы немесе 8 (727) 240-80-00 телефоны бойынша алуға болады», - деп мәлім етті әкімдік баспасөз қызметінде.

Еске сала кетейік, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаңтар қырғынында көз жұмғандардың құрметіне пантеон салынатынын айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар