Қаралы хронология: «Bek Air» ұшағы қалай құлады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әуежайы «Bek Air» ұшағының құлау уақытының хронологиясын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Төтенше жағдайда барлық қызметтер бірігіп жұмыс істеуі маңызды. Алматы әуежайында да осындай әрекеттер алгоритмі қалыптасқан.

05.35 – тіркеу басталды

06.35 – тіркеу аяқталды

07.03 – жолаушылар отырды

07.21 – ұшты

07.22 – борт радардан жоғалып кетті

07.24 – ұшулар жетекшісі әуежайдың апаттық құтқару жеке құрамына дабыл қақты (оған іздестіру және құтқару қызметі, медқызмет, жолаушылар тасымалын ұйымдастыру, арнайы көлік қызметі кіреді)

07.27 – апаттық құтқару қызметі 6 «К» бөлігіне жұмылдырылды.

07.35 – ұшулар жетекшісі 20 А шаршысында апат болғанын хабарлады

07.36 – оқиға орнына өрт құтқару жасағы келіп, 18 Б шаршысында қираған ұшақ туралы хабар беріп жолаушыларды қауіпсіз жерге көшіре бастады

07.39 – жасақ басшысы медициналық көмек туралы сұратады

07.42 – оқиға орнына әуежайдың жедел құтқару командасының тұтас құрамы жетті

08.10 – оқиға орнынан барлық жолаушылар түгел қауіпсіз жерге көшірілді

Алғашқы минуттарда 22 техника, 83 адам жұмылдырылды.


Соңғы жаңалықтар