Қаралы хабар естіген сайын жүрегім ауырады - Гүлмира Құттыбадамова

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлмира Құттыбадамова коронавирус індетінен қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаза болғандар жайлы қаралы хабар естіген сайын жүрегім ауырады. Таныстарыммен, бейтаныс жандармен іштей бақұлдасып отырмын. Көзімнен аққан жас тоқтар емес. Достарым, таныстарым да ауырып жатыр. Туыстарын, жақындарын ақтық сапарға аттандырғандар көп. Біз осынау атың өшкір індетпен соғыста жүрміз. Туған-туысқандарынан айрылған барлық жанға шынайы көңіл айтып, халқымның, Қазақстанымның басына түскен қайғымен бөлісемін», - деді Гүлмирв Құттыбадамова.

Айта кетейік, елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты халыққа үндеу жасаған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілде– Ұлттық аза тұту күні деп жариялайтынын мәлім еткен болатын. Тиісті өкімге Мемлекет басшысы 9 шілде күні қол қойды.


Соңғы жаңалықтар