Қарақұм арқылы халықаралық ралли өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР-дағы Түрікменстан елшілігі Түрікменстан телеарна, радио хабар тарату және кинематография мемлекеттік комитетімен бірлесіп, Астанада  «Амуль - Хазар-2018» халықаралық авторалли таныстырылымын өткізді.

«Азияның медиа диалогы» форумы аясында өткен «Radio Asia» конференциясы кезінде спикерлер осы спорттық мерекеге дайындық бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен автожарыстың қиындығы туралы айтты.

Халықаралық жарыс Түрікменстанда 2018 жылдың 11-15 қыркүйегінде Амуль - Хазар бағыты бойынша өтіп жатыр.

Әмудария жағалауынан бастап Каспий теңізіне дейін жалғасатын жарыстың қашықтығы 1 158 шақырымды құрайды. Маршруттың басым бөлігі Қарақұм арқылы өтетіндіктен, бұл түрлі елдердің қатысушылары үшін маңызды сынақ болмақ. 

Соңғы жаңалықтар