Қарақшылық шабуыл жасаған күдікті Ресейден экстрадицияланды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Қазақстанда қарақшылық шабуылдар ұйымдастырды деп күдік келтіріліп, Ресейде бой тасалап жүрген азамат Қазақстанға экстрадицияланды және ол соттың қарауына берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2016 жылы Павлодарда бірқатар қарақшылық шабуылдар жасалып, қоғам арасында үлкен резонанс тудырған болатын, деп хабарлады облыс прокуратурасындағылар. Қылмыстық топтың 6 мүшесі қолға түсті. Оларға 3,5-нан 14 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді.

Қылмыстық топтың мүшелерінің бірі қылмыс жасаған соң полициядан бой тасалап, оған іздеу жарияланған болатын. Ресейдің құқық қорғау органдарымен ынтымақтаса атқарған жұмыстардың арқасында іздеуде жұрген адам Алтай Республикасынан табылды.

2016 жылдың желтоқсанында ол Қазақстан аумағына экстрадицияланды. Күдіктіге аса ірі көлемде шығын келтірген қарақшылық шабуыл ұйымдастырды және адам өміріне қауіп төндірмейтін күш қолдана отырып тонау әрекетіне барды, деген айып тағылып отыр.

Аталған әрекеттер үшін тағайындалатын ең жоғарғы жаза мал-мүлкін тәркілей отырып, 1,5 жылға бас бостандығынан айыруды қарастырады. Қылмыстық іс аяқталды, айыпты адам сотқа берілді, деп хабарлады Павлодар облысының прокуратурасыдағылар.

Соңғы жаңалықтар