Қарақшылардан қашып, джунглиге тығылған америкалық отбасы табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияда қарақшылар шабуылынан қашып, ну орманға жасырынған америкалық отбасы табылды.

Олар 30 қазан күні жоғалған. Америкалықтар мінген паром Амазонка өзенін кешіп өтіп бара жатқан кезде оған тұтқиылдан теңіз қарақшылары шабуыл жасаған. Қарақшылар табиғат қойнына саяхатқа шыққандардың заттарын қолды қылған. Бірақ туристер қарақшылардан қашып құтылған, деп хабарлайды globo.com.

ІІМ мәліметтеріне қарағанда, 3 және 7 жастағы екі баласын ерткен  ерлі-зайыптыны Пара штатындағы ауыл тұрғындары табады. Табиғат аясына демалуға шыққан отбасы негізінен Амазонка өзенінде серфингпен айналыспақ болған.

Бунақденелілердің шаққанын есепке алмағанда, дәрігерлер олардың денесінде жарақат белгісін таппаған.

Соңғы жаңалықтар