Қарақшы терезені сындырып кіріп, үй иесін ұрып-соққан

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Теміртау қаласында қылмыскерлер үй иесін ұрып, пәтерін тонап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

19 маусым күні Теміртау қаласының Шығыс полиция бөлімінің кезекші бөліміне

54 жастағы қала тұрғынынан арыз түскен. Онда түнгі уақытта бейтаныс адамдар үйінің пластик терезелерін қиратып, пәтерге кіргені, күш қолдану арқылы бір жарым миллион теңге ақшасын алы кеткені айтылған.

​Факті бойынша, ҚР ҚК-нің 191-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

​Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері бұрын сотталған 27 жастағы Теміртау қаласының тұрғынын анықтады. Ол жасаған қылмысын мойындады.

​Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар