Қарақияда табылған адам қаңқасы сараптамаға жіберілді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысының полицейлері Қарақия ойпатында табылған адам сүйектері кімге тиесілі екендігін және оның өлімінің мән-жайын анықтайтын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта мәйіттің фрагменттері сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Аталмыш факті ҚР ҚК-нің 001-бабы (кісі өлімі) бойынша тіркелді», - деді Маңғыстау облыстық Полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникация бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әйгерім Ибатуллаева.

Айта кетсек, палеонтолог Владимир Ярцев 21 шілде күні Қарақия ойпатына кезекті сапары барысында адам қаңқасын тауып алған болатын. Ол туралы бірден полицияға хабарлаған.

«Қаңқаның барлық бөліктері жерленбеген, жер бетінде жатты. Меніңше, оларды жабайы жануарлар тасып тастаған», - дейді маман.

Соңғы жаңалықтар