Қарақалпақстанда төтенше жағдай режимін жеңілдеп жатыр

Фото: None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Қарақалпақстан Республикасында жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, төтенше жағдайдың қолданыстағы режимі шеңберінде енгізілген коменданттық сағат уақыты қысқартылады.

Сәйкес шешімді Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев қабылдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі республика басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қарақалпақстан Республикасындағы жағдайдың тұрақтануын және өңір тұрғындарының өмірін бұрынғы қалпына қайтаруды назарға ала отырып, Өзбекстан Республикасының Президенті Қарақалпақстан аумағында енгізілген төтенше жағдай режимін жеңілдету туралы, атап айтқанда «21 сағаттан 7 сағатқа дейінгі» талаптың орнына коменданттық сағат қолданылатын жаңа уақытты «23 сағаттан 5 сағатқа дейін» белгілеу туралы шешім қабылдады», - деді Өзбекстан басшысының баспасөз қызметінен.

Ведомствода тиісті Жарлыққа өзгертулер енгізілгенін, 2022 жылғы 2 шілдедегі Қарақалпақстанда төтенше жағдай енгізу туралы Президенттің Жарлығына қол қойылып, Олий Мажлис палатасына бекітуге жіберілгенін атап өтті.





Фото: pbs.twimg.com


Соңғы жаңалықтар