+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қарақалпақстанда Көрісу күні тойланды

2020 жылғы 15 наурыз 09:51
Бөлісіңіз:
Қарақалпақстанда Көрісу күні тойланды

НӨКІС. ӨзА - ҚазАқпарат - Қарақалпақстандағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институтында қазақ халқының ұлттық мейрамы – Көрісу күні кеңінен аталып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨзА-ға сілтеме жасап.

14 наурызда аталып өтетін Көрісу күні - Батыс Қазақстан өңірі тұрғындарының ежелден келе жатқан мерекесі. Қазақстанның батыс аймақтарында тұратын қазақтар бұл күнді 14 наурызда, ал Қарақалпақстанда тұратын қазақтар 13 наурызда атап өтеді. Мереке арқылы Наурыз мерекесі басталады. Оны кейде Амал мерекесі деп те айтады.

Амал мерекесі күні адамдар үлкендермен амандасуға асығады. Бір-бірімен көрісіп, «бір жасыңыз құтты болсын!» деп ізгі тілек білдіріседі. Бұл күні бұрын араз болғандар бір-бірін кешіреді.

Бір-бірімен амандасып, бір дастарқан басында бас қосқан қауым ескі жылды тастап, Жаңа жылды тойлауға кіріседі.

«Амал» сөзі араб күнтізбесіндегі «Хамал» ай атауымен байланысты. Ел арасында «Амал келді - жыл келді!» деседі. Яғни, Хижри-шамси күнтізбесі бойынша Күн алғашқы жұлдызнамаға енеді және айдың он екі жұлдызының бірі – Амалға (буаз қой) кіруі арқылы жаңа жыл басталады.

Институтта шараға келген қонақтарға қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды. Институттың дарынды жастары қонақтарға әдеби-композициялық бағдарлама ұсынды.

Қарақалпақ, қазақ, өзбек және түрікмен халықтарының ғасырлар бойғы ұлттық ойындары, өнерлері қонақтарды тәнті етті.

Институттың бір топ профессор-оқытушысы Қарақалпақстандағы Қазақ ұлттық мәдени орталығының құрмет грамоталарымен марапатталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Нұрлан Тұяқов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT