Қарақалпақстан Жоғарғы кеңесінің төрағасы сайланды

None
None
TAШКЕНТ. ҚазАқпарат - Қарақалпақстан Республикасы Жоғарғы кеңесінің кезектен тыс 34-сессиясы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨзА-ға сілтеме жасап.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Аманбай Орынбаевтың кандидатурасын құптайтынын, оның көшбасшылық қабілетін, ұлтжандылығын, адами қасиеттерін, сондай-ақ өңірді дамыту жөніндегі ұсыныстарын ескергенін жеткізді.

Үміткер туралы Жоғарғы кеңестің депутаттары, қоғам өкілдері сөз сөйлеп, өз пікірлерін білдірді.

Осыдан кейін Жоғарғы кеңес төрағасын сайлау туралы мәселе дауысқа салынды. Жасырын дауыс беру жолымен Қарақалпақстан Республикасы Жоғарғы кеңесінің төрағасы болып Аманбай Орынбаев бірауыздан сайланды.


Фото: uza.uz



Соңғы жаңалықтар