Қарағандының жекеменшік балабақшаларында мемлекеттік тапсырыс бойынша орындар саны артады

Фото:
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда жеке балабақшаларда мемлекеттік тапсырыс бойынша қосымша 600 орын пайда болады.

Білім бөлімі әлеуетті жеткізушілер арасында байқау жариялады. Құжаттарды қабылдау 25 шілдеде басталып, 12 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір қала бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 60 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымда 8846 орын бар. Біз қосымша 600 орынға байқау өткіземіз. Жұмыс істеп тұрған және жаңа жеке кәсіпорындар да қатыса алады», – деп хабарлады Қарағанды қаласының білім бөлімі.

Бір балаға жан басына шаққандағы қаржыландыру 41 717 теңгені құрайды.

Өтінімдер инклюзивті және арнайы түзету топтарын ашқысы келетіндерден де қабылданады.

Конкурс туралы хабарландыру және конкурстық құжаттамаға қойылатын талаптар Білім бөлімінің сайтында орналастырылған, «құжаттар» бөлімінде.

Қосымша ақпаратты (8-7212) 34-36-40 телефоны арқылы алуға болады.


Соңғы жаңалықтар