Қарағандының жаңартылған вокзалы жылдың соңында ашылады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды вокзалында ауқымды қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайты.

Күрделі жөндеуден кейін ғимарат кең және қолайлы болады және бұл ретте бастапқы бейнесі сақталады. Бұл жұмысты және басқа жұмыс барысын Қазақстан темір жолының өкілдері мұқият қадағалайды.

- Біз үшін басты міндет ғимараттың тарихи бейнесін сақтау. Сонымен бірге вокзалды заманауи нормалар мен талаптарға сәйкес жасау. Сыртқы қаптамасымен қиындықтар туындаған жоқ. Сәулетшілер қойылған міндетті орындауға мүмкіндік беретін материалдар мен элементтерді іріктей алды. Ғимараттың ішін қайта құру күрделі болды. Өткізу қабілетін ұлғайту үшін, сонымен бірге лаңкестікке қарсы қауіпсіздік бойынша талаптарды ескеру үшін бізге жапсарлас құрылысты қосуға тура келді. Алайда қарағандылықтарға бұл жөнінде алаңдау қажет емес, себебі вокзал сыртынан жөндеуге дейінгі түрімен барынша ұқсас болады, - деді «Қазақстан темір жолы» АҚ құрылыс жөніндегі директордың кеңесшісі, техникалық сарапшы Елубай Орымбаев.
null

Жобаны әзірлеушілер барлық детальдарды ескеруге тырысты. Алайда жұмыс барысында өзгертуге тура келді. Жұмысшылар істі бастағанда жабын арқалықтары жарамсыз екені анықталды және оларды толығымен ауыстыру керек болды. Перронда су жаңбырдан және қар жауғаннан кейін жертөледе жиналмас үшін қосымша нөсер кәрізін жабдықтауға тура келді. Сонымен бірге ғимаратта кәріз бен барлық электр желілері ауыстырылды.

- Бұл қосымша шығынды талап етпеді. Барлық жұмыстарды ғимарат қайта құрудан кейін көп жыл қызмет ететіндей барынша сапалы жасауға тырысамыз. Кейбір детальдарды басқа вокзалдарды қайта құру тәжірибесіне қарап ескереміз. Мысалы, Нұр-Сұлтан ескі вокзалында жер асты конкорсты өтетін жер орнатылғанда ондағы экскалаторлар тек -10 градус Цельсий температураға дейін жұмыс істей алатыны анықталды. Өтетін жерлерді жылытуға және қосымша жөндеуге шығындалуға тура келді. Қарағанды вокзалында жобада жылытылатын өтетін жер бірден қарастырылды, - деп түсіндірді сарапшы.
null

Оның айтуынша, вокзалды қайта құру бойынша жұмыс сапасы үнемі қадағаланады. Облыс әкімі аймаққа тексеріспен өзі келіп отырады. Қәзір мердігерлерге наразылықтар жоқ.

Қарағанды теміржолындағы күрделі жөндеу 2018 жылдың тамызында басталды. Жобаға сәйкес, оның өткізу қуаты екі есе ұлғайтылған. Ғимаратта ана мен бала бөлмелері және мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған жеке әжетханаларымен демалыс бөлмелері ашылады. Вокзал экскалаторлармен және лифттермен жабдықталады, онда заманауи буфет салынады. Теміржол жолдарына шығу қолайлы болады - оған жабық жерүсті өткелі бойынша өтуге болады.

Жұмысты толығымен аяқтау осы жылдың соңына жоспарлануда.

null

Соңғы жаңалықтар