Қарағандының полицейлері Алғыс айту күні көпбалалы отбасыларға көмек көрсетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Алғыс айту күні мерекесінде Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бөлімшелері бірқатар қайырымдылық шарасын ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл мереке күні Жезқазған қаласы полиция басқармасының қызметкерлері Мәруа Құлышева атындағы балалар үйінің тәрбиеленушілерін құттықтады. Жезқазған полицейлері аталмыш мекемені құрылған сәттен бастап қамқорлығына алған. Көптеген жылдар бойы құқық қорғау органдары мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалар арасындағы ынтымақтастық одан әрі нығая түсуде.


Әр мереке қарсаңында балаларды өздерінің қамқоршыларын асыға күтеді, олар міндетті түрде келіп, әрқайсысына сыйлық беретінін де біледі. Ал Алғыс айту күні қарсаңында Жезқазған қаласының ПБ жеке құрамы балалар мекемесінің аумағын жинастырып, ауласын қардан тазартты. Балалар үйінің басшылығы полицейлерге олардың қиындықтары мен проблемаларын шешуге әрдайым көмек көрсететіндері үшін алғыс айтты.


Жергілікті балалар үйінің тәрбиеленушілерін Балқаш қаласы полиция бөлімінің қызметкерлері де назардан тыс қалдырған жоқ. Олар балаларға қонаққа келіп, әр бүлдіршінге тәтті сыйлықтар табыс етті.

Ал Теміртау қаласы ПБ Шығыс полиция бөлімінің ювеналды полиция қызметкерлері, әдетте, қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылардағы профилактикалық жұмыстармен қатар оларға жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеді.


Мереке күні олар көпбалалы отбасына сыйлықтар мен азық-түлік алып келді. Тәртіп сақшыларының бұл әрекеті кәмелетке толмаған 4 баланы асырап отырған 33 жасар әйел үшін нағыз тосын сый болды. Ол полицейлерге көрсеткен қамқорлығы үшін шын жүректен алғысын білдірді.

Қызметкерлер балалармен әңгімелесіп, тұрмыстағы, қоғамдық орындардағы қауіпсіздік ережелерін еске салды. Балаларға төтенше жағдайларда өзін қалай дұрыс ұстау және қателеспеуді білуі өте маңызды, деп есептейді тәртіп сақшылары.


Соңғы жаңалықтар