Қарағандының орталығында фотостудия өртенді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Өткен түні Қарағанды қаласының орталығында орналасқан «Этюд» фотостудиясынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт19 шілдеде сағат түнгі 23:40-та басталған. Ғимараттың сыртқы жабыны мен «Этюд» фотосалонының ішіндегі кеңсе техникасы өртенген. Жалын 12 шаршы метр аумақты шарпыған. Құтқарушылар бірінші қабатында фотосалон орналасқан бесқабатты тұрғын үйден 40 адамды шығаруға мәжбүр болған, олардың ішінде 10 бала бар. Өрт сағат 00.05-те ауыздықталды.

«Тілсіз жауды сөндіруге 10 техника мен жеке құрамнан 30 адам жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ», -делінген хабарламада.
Алдын ала жасалған болжамдарға сәйкес, өрт қасақана ұйымдастырылған болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар