Қарағандының маңында 10 көлік соқтығысты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Боран кезінде Теміртау қаласының жанында екі ірі жол апаты болды. Екі оқиға барысында 10 көлік соқтығысқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін «Қарағанды-Астана» тасжолында Теміртау қаласынан 4 шақырым қашықтықта қар басып қалған жерге «Фольксваген пассат» көлігі тұрып қалған. Аталған автокөлікке «ВАЗ-2115» және «Лада Приора» автокөліктері келіп соғылған. Жүргізушілер көліктерге келтірілген шығынды бағалап тұрғанда бұл үш көлікті «Мерседес» жүк көлігі келіп соққан.

Оқиғада адам шығын жоқ, алайда қалалық ауруханаға сол жерден 2 адам жеткізілді.

Сондай-ақ, жоғарыда болған жол-көлік оқиғасынан 50 метр жерде тағы да 6 автокөлік соқтығысқан.

Қазір осы тұста полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Айта кету керек, 18 ақпанда түске шейін Қарағанды қаласы бойынша 13 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 2 адам жарақат алды.

Қарағанды облысы Полиция департаменті ауа райының күрт өзгеруіне байланысты көлік жүргізушілерге жол жүру ережелерін сақтап, жылдамдықты шектен тыс асырмауын сұрайды.

Соңғы жаңалықтар