Қарағандының құқық қорғау органдарында азаптау фактілері 50% азайды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы прокуратурасының бастамасымен азаптаулар туралы қылмыстық істерді тергеу, сондай-ақ олардың алдын алу жұмысының тиімділігі мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс-шараға құқық қорғау және арнайы органдардың басшылығы, мүдделі органдардың өкілдері қатысты.

Конституцияда ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайтыны айқындалған.

Ведомствоаралық топтың проблемалық мәселелерді жедел шешу жұмысының нәтижелері бойынша азаптау фактілері 50% төмендеді.

«Полиция және қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері арасында азаматтарға қатысты қол көтермеу және моральдық қысым жасамау, этикалық нормаларды сақтау бойынша түсіндіру іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіледі. «Соқыр аймақтарды» болдырмау үшін прокурорлар құқық қорғау органдары мен пенитенциарлық мекемелердің қызметтік үй-жайларын бейнебақылау камераларымен жүз пайыз қамтуды ұсынды», - деп мәлімдеді Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ өңірде «бұлтты бейнебақылау» функциясы бар онлайн-режимде прокурорлардың бейнежазбаны көруінің техникалық мүмкіндігін енгізу жоспарланып отыр.


Соңғы жаңалықтар