Қарағандының қоғамдық көліктерінде жолақысын төлеуге арналған QR-коды бар жапсырмалар пайда болды
2022 жылғы 30 маусым 03:33

Қарағандының қоғамдық көліктерінде жолақысын төлеуге арналған QR-коды бар жапсырмалар пайда болды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Енді Қарағанды қоғамдық көліктерінде QR-кодты сканерлеу немесе жолақысын төлеу мақсатында көлік кодын енгізу үшін терминалға барудың қажеті жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жолаушылардың ыңғайлылығы үшін салондарда арнайы жапсырмалар орналастырыла бастады. Алғашқысы №3 автопарк автобустарында пайда болды.

Onay мобильді қосымшасында QR-кодпен және көлік кодымен жол жүру ақысын қалай төлеуге болатынын оператор әлеуметтік желіде түсіндіріп бері.

«Ол үшін басты бетте қажетті бөлімді таңдап, QR-кодты сканерлеу немесе цифрлық кодты теру, содан кейін өз іс-әрекетіңізді растау қажет. Электрондық билет «Менің билеттерім» бөлімінде пайда болады. Тексеру кезінде оны тексерушіге көрсету керек. Барлық жолаушылар үшін жол жүру құны - 80 теңге. Жол жүру билеті іске қосылған кезде мобильді қосымша арқылы төлем жүргізу мүмкін болмайды», - деп түсіндірді қарағандылықтарға.

Сондай-ақ SMS арқылы да төлем қолданылады. Жапсырмада көлік коды көрсетілген. Оны 9909 нөміріне жіберу керек. Жауап ретінде сапар туралы барлық мәліметтер бар хабарлама келеді (күні, уақыты, бағыты, көліктің мемлекеттік нөмірі және т. б.). Жол жүру құны – 80 теңге.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT