Қарағандының ірі жиһаз салонын белгісіз біреу өртеп жіберді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда ірі жиһаз салоны өртенді. Оны біреу өртеп жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлағандай, 15 шілдеде 02:54-те Степной-2 шағын ауданында, «Zeta» жиһаз салонында 1-қабаттағы сауда залында жиһаздар, 2 терезе блогы және кеңсе техникасы жанып кеткен.

Өрт сағат 03:15-те ауыздықталып, сағат 04:02-де сөндірілді. Тілсіз жау 350 шаршы метрді құраған.

Оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Алдын ала дерек бойынша, өртті біреу қойған. 

Ведомстводан түсіндіріп өткендей, өрттің шығу себебі өрт-техника сараптамасының қорытындысы бойынша анықталады. 

Фото әлеуметтік желілерден алынды

Соңғы жаңалықтар