Қарағандының хайуанаттар бағында ерекше жануарлар пайда болды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандының хайуанаттар бағына ерекше жануарлар әкелінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жылдың басынан бері Қарағанды зообағында жаңа хайуанаттар пайда болды. Олардың қатарында жанат, жирен түлкі, борсық пен кайман (қолтырауынның бір түрі) бар. Санын көбейту үшін шиншилланың ұрғашысы мен еркегін әкелдік», - деді зообақтың қызметкері Толқын Сапар.
null null 

Бұдан бөлек, тәлімбақтағы қара сұр түлкі пайда болды. Сондай-ақ, өңірде мекен етпейтін кайман секілді 4 ақ тауыс, альбинос питон және солтүстік бұғысы жеткізілді.
null 

Еске салайық, Қарағанды хайуанаттар бағының ең кәрі жануары - Эму атты түйеқұс биыл 32 жасқа толды.

Соңғы жаңалықтар