Қарағандының футбол және волейбол шағын клубтарын сатып алушылар табылмады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандының екі спорттық клубының 14 қарашада басталған сатылымы сатып алушылардың жоқ болуы себебімен өткізілмеген деп танылды, деп хабарлады облыстық мемлекеттік сатып активтер мен сатып алулар басқармасынан.

«Бүгін таңертең «Тұлпар» шағын футбол клубы мен «Қарағанды» волейбол командасын сату бойынша электрондық тендер өткізілді. Сату бірде бір өтінімнің келіп түспеу себебімен өткізілмеді», - деді Қарағанды облыстық мемлекеттік активтер мен сатып алулар басқармасындағы жекешелендіру бөлімінің бастығы Данияр Сағымбаев.

Оның айтуынша, клубтардың сатылымға шығарылатын басқа күні кейінірек анықталады. «Бұл туралы қосымша хабарлайтын боламыз», - деп қосып өтті бөлім бастығы.

«Тұлпар» ШФК-ның бағалау құны шамамен 10,5 млн. теңгені, ал «Қарағанды» волейбол командасының құны 20,6 млн. теңгені құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, жекешелендірудің екінші толқынының аясында мемлекет Қарағандының төрт спорттық клубын жекеменшікке беруді шешті. «Тұлпар» мен «Қарағандыдан» бөлек, сатылымға «Шахтер» футбол клубы мен «Сарыарқа» хоккей клубы шығарылды, олар бойынша электрондық тендер 2 желтоқсанға белгіленген.

Соңғы жаңалықтар