Қарағандының барлық мектептерінде өрт қауіпсіздігі тексерілуде

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды мектептерінің бірінде болған өрттен кейін облыстың барлық орта білім беру мекемелерінде жаппай тексеріс жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысы Білім басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өрт қауіпсіздігімен байланысты мәселелерді уақытылы анықтау үшін өңірде жаппай тексерістер жүруде.

Барлық мектептерде өрт қауіпсіздігі мен электрмен жабдықтау талаптарының сақталуының сапасы тексеріледі.

Айта кету керек, 12 қыркүйек күні Қарағанды қаласындағы №36 орта мектеп өртенген болатын. Тілсіз жау 300 шаршы метр аумақты шарпыды. Онда шатырды жөндеу жұмыстары әлі жалғасуда. Дегенмен, оқушылардың сабақтары 17 қыркүйекте қайта жалғасты.

 

Соңғы жаңалықтар