Қарағандының балалар үйінде спорт залы жабдықталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандының «Таңшолпан» балалар үйі тәрбиеленушілерінің спорттық жетістіктерімен танымал. Жергілікті чемпион футболшылар мен велошабандоздар бірнеше жыл бұрын Еуропа елдерінде болған. Енді бокс пен күрес әуесқойлары өз шеберлігін шыңдай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спорттық құрал-жабдықтарды балалар үйіне «Батыр боламын» қайырымдылық қоры сыйға тартты.

«Бізге бокспен және күреспен айналысу үшін қажеттінің барлығын сыйға тартты: маттар, бокс тұлыбы мен қолғаптар, шлемдер, спорттық снарядтар. Осының арқасында біз жаттығу залын қайта бейіндедік. Енді балалардың спортпен айналысуына көбірек мүмкіндіктер бар. Әрине, біз қуаныштымыз. Бұл балаларымыз үшін керемет сыйлық. Бізде спорт жақсы дамыған. Ал қазір пандемияға байланысты барлық негізгі өмір балалар үйінің қабырғасында өтіп жатыр», – дейді «Таңшолпан» балалар үйі директорының орынбасары Гүлмира Майкамбева.

«Батыр боламын» қайырымдылық қорының миссиясы – салауатты өмір салтын насихаттау және спорт арқылы жаңа буынды тәрбиелеу.

«Таңшолпан» тәрбиеленушілері - спорттың әр түрінен қалалық, облыстық және республикалық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

Балалар үйінің командалары футболдан, велоспорттан және үстел теннисінен Қазақстан чемпионы атанды.


Соңғы жаңалықтар