Қарағандыны айналып өтетін жаңа жолдың құрылысы биыл аяқталады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды маңындағы солтүстік-шығыс айналма жолдың құрылысы аяқталуға жақын қалды. Бұл туралы облыс әкімі Ерлан Қошановтың жолды жөндеу жұмыстарын тексеру барысында құрылысшылар айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік-Шығыс айналма жолының жалпы ұзындығы 48,4 шақырымды құрайды. Жаңа жолдың ашылуымен қаланы транзиттік автомобильдер мен үлкен жүк көліктерінен босатуға мүмкіндік пайда болады.

«Бұл жол - стратегиялық маңызды нысан. Қаланың 85 жылдық тарихында айналма жол пайда болады. Жаңа жол көліктік жүктемеге де, экологияға да оң әсер етеді, бұл өте маңызды», - деп атап өтті Ерлан Қошанов.

Мердігерлер - «СинеМидасСтрой» түрік компаниясы және «Рязанов А. атындағы Көпір құрылыс отряды ЖШС» Алматы фирмасы. Қазір трассада белсенді құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Құрылысшылардың алдында осы жылдың соңына дейін жаңа тасжолды толық ашу міндеті тұр.

«Қазір біз жолдың бойында жабынның жоғарғы қабатын жасаудамыз. Сондай-ақ әуежайға апаратын жол қиылысында эстакада салынады. Барлық жұмыстар кесте бойынша жүріп жатыр. Жол айрығы 60-70%-ға орындалды, тек жол төсемін орнату жұмыстары ғана қалды», - деді «Қазавтожол» АҚ Қарағанды облыстық филиалының директоры Серік Айдос.
null

Трассада Қарағандыдан Алматыға, Нұр-Сұлтан, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары бағыттары бойынша жеті көлік айырығы қарастырылған. Жол төсемінің жалпы қалыңдығы шамамен 80 сантиметр. Төменгі қабаттар битум қосылған бетоннан және қиыршықтастан тұрады. Жоғарғы қабаты - биіктігі бес сантиметр ірі түйіршікті және қиыршық-мастикалық асфальттан жасалған.
null

Мұндай жол төсеміне мердігерлер үш жыл кепілдік береді.
null

Жалпы, бүгінгі күні өңірде жолдардың 80% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. 2020 жылға қарай 90% жолдар қажетті сапаға сәйкес келтіріледі. Облыс бойынша ауқымды жол-жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Тек осы жылы мыңдаған шақырымды ретке келтіру жоспарда бар. Жөндеу жұмыстары тек қалалардағы орталық көшелерде ғана өткізіліп қоймай, сонымен қатар өткен жылдан бастап аудан орталықтары мен кенттердің ішіндегі жолдарды жөндеу жұмыстары да басталды.

null

Соңғы жаңалықтар