Қарағандылықтарды тегін онлайн тіл үйрену курстарына шақырады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандылықтарда қазақ және ағылшын тілдерін тегін үйренуге мүмкіндік пайда болды. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі онлайн курстар ашады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Курстардың ұзақтығы - 72 сағат. Сәуір айынан мамыр айына дейін ағылшын тілінен, ал мамыр айынан маусым айына дейін қазақ тілінен дәрістер өткізіледі.

«Бұл курстар 18 жастан асқан ересектерге арналған. Ағылшын тілінің онлайн курсы 10 сәуірде басталады. Бір топта 12-15 адамнан. Курс аяқталғаннан кейін емтихан нәтижелері бойынша сертификат беріледі», - дейді «Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ әдіскері Ұлжан Бөрібаева.

Тіл үйрену курстары туралы толық ақпаратты 50-65-59, 8-702-448-98-68 нөмірлері бойынша білуге болады.


Соңғы жаңалықтар