Қарағандылықтар заңсыз қару мен оқ-дәріні тапсырып, сыйақы ала алады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының тұрғындары заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды ақшаға тапсыра алады. Биыл акция 20 сәуірде басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ерікті түрде тапсырылған мылтық үшін сыйақы оның түріне байланысты - 100 АЕК-ке дейін (шамамен 290 мың теңге) қарастырылған.

Өз еркімен тапсырған кезде азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

«Аталмыш шара жыл сайын өткізіледі. Сатып алу ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес жүргізіледі. Заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәріні ақшалай сыйақы үшін тапсыруға ниет білдірушілер полиция бөліміне өтініш беруі тиіс», - деп түсіндірді Қарағанды қаласы Октябрь полиция бөлімінің бастығы Сәкен Игембеков.

Соңғы жаңалықтар