Қарағандылықтар Тұңғыш Президент күні баспаналы болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті күні Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов қарағандылықтарға пәтер кілттерін табыстады. Бұл туралы аймақ басшысының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Пәтерлер кезекте тұрған әлеуметтік қорғалған тұрғындарға, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, толық емес отбасыларға, бюджеттік ұйымдар қызметкерлеріне берілді. Баспаналы болғандардың арасында осы бақытты күнді он жылдан астам уақыт бойы күткендер де бар. Олардың арманы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының арқасында орындалды.

«Баршаңызды Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын. Дәл осы күні армандарыңыз орындалып, пәтерге ие болып отырсыздар. Елбасының «Нұрлы жер» және «7-20-25» атты бастамалары аясында облыста және жалпы елімізде белсенді түрде баспаналар салынуда. Осы игі істің ауқымын жыл сайын кеңейте бермекпіз», - деді Ерлан Қошанов.

Жаңадан бой көтерген тұрғын үйде 130 пәтер бар. Ай сайынғы төлем оның ауданына байланысты: әр шаршы метрі үшін 736 теңге.

«Біз 91 шаршы метрлі үш бөлмелі пәтер алдық. Ай сайын шамамен 67 мың теңге төлейміз. Бұған дейін көп жыл бойы пәтер жалдап келдік. Әрине, біз бақыттымыз. Енді өз баспанамыз бар», - дейді Тәттімбет атындағы өнер колледжінің қызметкері Жанар Нұркетаева.

Пәтер иесі атанғандардың сөзіне қарағанда, бұл бағдарлама ипотекамен үй алуға шамасы келмей жүргендер үшін тамаша мүмкіндік.

«Мен пәтер алу мақсатында банктердің табалдырығын тоздырғам. Жалақым аз болғандықтан, мені қайтара берді. Күйеуім қайтыс болып, екі баламмен қалдым. Кезекте он жыл тұрдым. Арманым орындалып, өз баспанамызға ие болдық. Пәтер бір бөлмелі болса да, іші кең. Айына 30 мың теңге төлеймін. Бұған шамам жетеді», - дейді Зоя Матюхина.

Айта кетейік, Тұңғыш Президент күні Балқаш, Абай, Осакаров аудандарының тұрғындары да қоныс тойын тойлады. Ондаған отбасы «Нұрлы жер» бағдарламасының арқасында баспаналы болды.

Мереке күні пәтер кілттері ғана табысталған жоқ, салтанатты жағдайда бірқатар әлеуметтік нысандар да ашылды.

nullnull

Соңғы жаңалықтар