Қарағандылықтар отандастарын бірігуге шақырды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда Мемлекет басшысының Ақтөбедегі қайғылы оқиғалар туралы мәлімдемесін талқылады.

Пікірлердің негізгі лейтмотиві - ел болашағы, балалар болашағы үшін бейбітшілік пен тыныштықты орнату мақсатында бірігу қажеттілігі. Қарағандылықтар лаңкестік құрбандары үшін барлығымен бірге қайғырып отыр.

«Біз бүгін бүкіл қоғам болып Президент төңірегінде жиналып, оның бейбітшілік және халқымыздың әл-ауқаты үшін идеяларын қолдауымыз қажет. Біз республикамыздағы лаңкестікке қарсы бүкіл ел болып күресеміз», - деді денсаулық сақтау саласының қызметкері, Қарағандыдағы  № 4 емхананың директоры Салтанат Шайдарова.

«Қазақ даналығында патриотизмнің балаға ананың сүтімен берілетіні айтылған. Егер біз, қазақстандықтар қазір осындай құбылыстардың жолын бөгемесек, ең қымбат - балалар үшін - ашық аспаннан, аналар үшін - тыныштықтан айырыла аламыз», - деп атап өтті 52859 әскери бөлімі Аналар кеңесінің төрайымы Марина Фатеева.

«Қайырымсыз адамдардың өз халқын, өз Отанын сатып кеткенін ойлау өте қиын. Бұл адамдар үшін қоғамымызда орын жоқ. Оларға аяушылық та болмауы тиіс», - деді қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, облыстық «Ихлас» татар-башқұрт қоғамдық орталығының төрағасы Әнуар Керейбаев.

Соңғы жаңалықтар