+7 (701) 759 90 19
USD 378.60 EUR 417.75
RUB 6.13 CNY 54.58
Jańalyqtar

Қарағандылықтар медсақтандыру байланыс орталығына жүгіне алады

2019 жылғы 8 қараша 12:07
Бөлісіңіз:
Қарағандылықтар медсақтандыру байланыс орталығына жүгіне алады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының тұрғындарынан 2 айда медициналық сақтандыру байланыс орталығына 300-ге жуық қоңырау келіп түсті. Олар 1406 нөміріне кеңес алу және медициналық ұйымдарға шағым беру үшін қоңырау шалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
2020 жылдан бастап кәсіпкерлерде МӘМС жарналары мен аударымдары қалай өзгерді Азамат Өміртаев: қосымша учаскелерді ашу - халықтың медқызмет түрлерін кезексіз пайдалануына мүмкіндік Вице-министр Түркістанда МӘМС бойынша өңірлік штабтың көшпелі отырысын өткізді

Ең жиі қойылатын сұрақтардың қатарында өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға қалай медициналық сақтандыру қатысушылары болу керек, кім медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуден босатылған, егер тексеру кезінде «сақтандырылмаған» мәртебесі анықталса, не істеу керек деген сауалдар бар. «Адамдардың қазір өз мәртебесін тексеру қаншалықты маңызды екенін түсінуі өте маңызды. Мұны ХҚКО арқылы, fms.kz Қор сайтында, сондай-ақ SaqtandyryBot телеграмм-бот арқылы жүзеге асыруға болады. Егер «сақтандырылмаған« деген мәртебе болса, ал сіз сақтандырылғаныңызға сенімді болсаңыз, онда1406 нөміріне қоңырау шалып, не болғанын анықтау керек. Жұмыс беруші сіз үшін ақша аудармаған немесе сіз өз бетінше жұмыспен айналысушы қызметкер бола тұра, төлемді өздері жібермей қалуы да мүмкін», - дейді Қарағанды облысы бойынша «Медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалының бөлім басшысы Светлана Щеткина.

Жиырмаға жуық қоңырау нақты медициналық ұйымдар мен дәрігерлерге шағым жайлы болды. Өңір тұрғындары облыстың бірнеше емханалары мен ауруханаларында медициналық қызмет сапасына көңілі толмайтынын мәлімдеген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT